Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады! - Жохан 13:35
Біз бір-бірімізді жақсы көруіміз керек екенін білеміз, бірақ мұны істеу жиі қиын болады. Қате қарым-қатынастар қауымның өміріне зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар сенбеушілердің Мәсіхтің жолына түсуіне кедергі жасайды.
Осы алты сабақ отбасыңызда және қауымда бір-біріңізді одан бетер сүюге көмектеседі. Қарастырылатын тақырыптар:
- Ізгі Бағушының соңынан еру — бұл басқаларды сүю қабілетінің негізгі шарты
- тыңдай білу — сүйіспеншілігіңіздің негізгі көрсеткіші
- эмоцияларды түсіну және олармен бөлісу — олардың жетегінде жүру дұрыс емес
- күнәны дұрыс әшкерелеу — киелілену жолында бір-бірімізге көмек көрсету
- конфликті шешу — олар қауым мен отбасымыздың қарым-қатынасына зиян келтірмеуі керек
- қайғыны түсіне білу — қайғы кезінде өзіңді және басқаларды жұбата білу.
Осы идеяларды өмірде қолданған сайын, сабақтарға қайта оралатын боламыз. Олай болса сіздің шынымен Исаның шәкірті екеніңізді бәрі білетін болады!